Skip to content
Open access

ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНДЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІН НЕГІЗГІ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ (KPI) СӘЙКЕС БАСҚАРУ

Sep 2026 · Экономика, бизнес и услуги · 0 citations

Abstract

Зерттеу жұмысы қонақ үй бизнесіндегі қызметкерлердің жұмыс өнімділігін негізгі тиімділік көрсеткіштеріне сай басқаруды қарастырады. Зерттеудің мақсаты - қонақ үй бизнесіндегі қызметкерлердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін KPI жүйесіне негізделген жеке қабілеттерді бағалау көрсеткіштерін әзірлеу. Зерттеудің нысаны ретінде шағын және орта бизнестегі қонақ үй шаруашылығының адами ресурстарды басқару үдерісі қарастырылды. Одан бөлек, зерттеу барысында Қазақстан Республикасының соңғы 10 жылда орналастыру орындары көрсеткішінің өсуі қызметкерлер санының артуымен пара пар келгендігі айқындалды. Осыған орай қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қызметкер жұмысының өнімділігін бағалау мен басқарудың негізгі әдістеріне шолу жасалынып, оң және теріс жақтары көрсетілді. Мақала авторлары зерттеу нәтижесінде негізгі тиімділік көрсеткіштер жүйесін (KPI) қызметкерлерді басқаруда енгізу жұмысты объективті бағалауға мүмкіндік беретінін анықтады. Одан бөлек KPI критерийлері міндетті түрде SMART қағидаттарына негізделген болуы керектігі анықталды, яғни критерийлер нақты, өлшенетін, қол жеткізуге болатын, шынайы және уақытпен шектелген болғаны жөн.  Зерттеу нәтижелері бойынша негізгі тиімділік көрсеткіштерін қонақ үй бизнесіне енгізу бойынша шаралар ұсынылды.

Read PDF

We use cookies to run the site and, with your consent, for analytics and to show ads. See our Cookie Policy.