Skip to content
Open access

БІР БУЫНДЫ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС САЛТ ЕТІСТІКТЕРІНІҢ СӨЗЖАСАМДЫҚ ӘЛЕУЕТІ (Сөзжасамдық ұя теориясы негізінде)

Sep 2026 · Bulletin of Shokan Ualikhanov Kokshetau University. Philological Series · 0 citations

Abstract

Қазақ тілінің сөздік қорының дамуы мен толығуы туынды сөздердің жасалуымен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда сөзжасамдық ұя теориясы арқылы түбір сөздердің сөзжасамдық әлеуетін анықтау тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мақаланың мақсаты – бір буынды қимыл-қозғалыс салт етістіктерінің негізінде жасалған сөзжасамдық ұяларын зерттеу арқылы олардың сөзжасамдық мүмкіндіктерін айқындау және құрылымдық ерекшеліктерін сипаттау. Зерттеудің негізгі бағыты қимыл-қозғалыс мағыналы бір буынды салт етістіктердің негізінде жасалған сөзжасамдық ұяларды лексика-семантикалық тұрғыдан талдауға негізделген. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы сөзжасамдық ұя құрылымы мен түп негіз етістіктердің семантикалық ерекшеліктері арасындағы байланысты анықтауда көрінеді. Практикалық маңызы қазақ тілінің сөзжасам жүйесін, сөздік құрамның қалыптасу жолдарын және етістіктердің туынды сөз жасау мүмкіндіктерін тереңірек түсіндірумен байланысты. Зерттеу барысында сөзжасамдық ұя теориясы, лексика-семантикалық топтастыру, құрылымдық-семантикалық және квантитативтік талдау әдістері қолданылды. Нысан ретінде қазақ тіліндегі 30 бір буынды қимыл-қозғалыс салт етістігі алынды. Зерттеу нәтижесінде аталған түп негіз етістіктерден 416 туынды түбір сөз жасалғаны анықталды. Ең өнімді сөзжасамдық ұялар тарт, шық, соқ етістіктері негізінде қалыптасса, ең өнімсіз ұя ыт етістігіне тән екендігі байқалды. Талдау сөзжасамдық ұялардың күрделілігі түп негіз сөздердің мағыналық кеңдігіне, қолданыс жиілігіне және сөзжасамдық белсенділігіне тәуелді екенін көрсетті. Зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі бір буынды қимыл-қозғалыс салт етістіктерінің жоғары сөзжасамдық әлеуетке ие екенін дәлелдейді. Жұмыстың құндылығы сөзжасамдық ұя теориясын дамытуға және қазақ тіліндегі етістіктердің сөзжасамдық табиғатын тереңірек тануға қосқан үлесінде көрінеді. Алынған нәтижелер сөзжасам, лексикология және қазақ тілінің тарихи дамуын зерттеуде қолдануға мүмкіндік береді.

Read PDF

We use cookies to run the site and, with your consent, for analytics and to show ads. See our Cookie Policy.